Бүгін – Дүниежүзілік мұхит күні
8 маусым - маңызды экологиялық мереке – Дүниежүзілік мұхит күні. Бұл датаны белгілеу идеясы 1992 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Жер саммитінде айтылды. Сол кезден бастап бұл мерекені жыл сайын 8 маусымда өткізу туралы 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешім қабылдады (№ А / RES / 63/111 қарар) 2009 жылдан бастап мереке ресми түрде тойланды.
Дүние жүзіндегі мұхиттар - олардың температурасы, химиялық процестері, ағымдары мен тіршілігі - Жерді адам өміріне қолайлы ететін ғаламдық жүйелердің әрекетін анықтайды. Жаңбыр суы мен ауыз су, ауа райы, климат, жағалау деңгейі, азық-түліктің көп бөлігі, тіпті біз тыныс алатын ауадағы оттегі бәрін теңіз қамтамасыз етеді және реттейді. Тарихтан белгілі мұхиттар мен теңіздер адамзат үшін маңызды сауда және кеме қатынасы бағыты болған. Осы өмірлік маңызды әлемдік ресурстарды ұтымды пайдалану - тұрақты болашақтың кепілі.