Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Дүниежүзілік мейірімділік күні
11:07 / 2020-11-13

Бүгін – Дүниежүзілік мейірімділік күні (World Kindness Movement). Бұл мерекенің тамыры Жапониядан бастау алады: 1997 жылы мұнда еріктілерден Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысы құрылып, оның алғашқы конференциясы 1998 жылы Токиода өтті.

Оған Австралия, Канада, Жапония, Тайланд, Сингапур, Ұлыбритания және АҚШ өкілдері қатысты. Кейінірек басқа мемлекеттер де Қозғалысқа қосылып, мерекені атап өту күні 2000 жылы 18 қарашада Сингапурда өткен 3-конференцияда қабылданды.

Дүниежүзілік мейірімділік күнінің мақсаты – тілдік және мәдени алуандығына қарамастан, түрлі ұлттардың бірігуіне ықпал ету. Бұл ретте өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін сақтай отырып, бірлік пен өзара түсіністікке қол жеткізу өте маңызды.

Күн сайын өзге жанға жақсылық жасайтын адамдар, неғұрлым үйлесімді өмірді көбірек сезініп, аз ауырады және ұзақ өмір сүреді. Адам басқа адамдарға жақсылық жасаған кезде оның лимфоциттері жоғарылап, қан тамырлары кеңейеді, бұл жүректің дұрыс жұмыс істеуіне әкеледі. 

Сондықтан сізде - ардақты жан, күн сайын жақсылық жасап, мейрімділік танытудан талмаңыз.