Бүгін – Дүниежүзілік діндер күні
Бүгін – Дүниежүзілік діндер күні. Атаулы күн БҰҰ-ның бастамасымен жыл сайын қаңтар айының үшінші жексенбісі күні әлемде Дүниежүзілік діндер күні (World Religion Day) ретінде атап өтіледі.
Оның тарихы 1950 жылы басталып, мұны Америка Құрама Штаттарындағы Бахаи сенімін ұлттық басқару органы әлемдік діндердің біртұтас мәнін жариялау және дін, ең алдымен, келіспеушілік емес, әлемді біріктіретін күш екенін көрсету мақсатында құрған.