Бүгін ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы дүниеге келген күн. Ол 1845 (1904) жыл 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.
Атаулы күн 2020 жылдан бері Қазақстанда арнайы мерекелік дата – «Абай күні» ретінде мерекеленіп келеді.
Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін әлемнің 60 тіліне аударылған. 2020 жылы ақынның 175 жылдық мерей тойына орай көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең тәпсірленген еңбегі «Қара сөздері» өзбек тіліне аударылып баспадан шықты.
2020 жылы Абайдың толық шығармалары әлемнің 10 тіліне, атап айтқанда, француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, италиян тілдеріне аударылып, басылған.
Ұлы ойшылдың шығармаларында Адам, Болмыс және Ғалам тақырыбы кеңінен өрбіп, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады. Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді.