English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін Абай Құнанбайұлының туған күні
13:03 / 2021-08-10

Бүгін ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы дүниеге келген күн. Ол 1845 (1904) жыл 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.

Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін әлемнің 60 тіліне аударылған. Өткен жылы ақынның 175 жылдық мерей тойына орай көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең тәпсірленген еңбегі «Қара сөздері» өзбек тіліне аударылып баспадан шықты. Ұлы ойшылдың шығармаларында Адам, Болмыс және Ғалам тақырыбы кеңінен өрбіп, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады. Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді.

Бұл атаулы күн өткен жылдан бері Қазақстанда арнайы мерекелік дата – Абай күні ретінде аталып келеді.