Бейжің Олимпиадасы чемпионы вирус жұқтырғандарға көмек үшін медальін аукционға қойды
Аукционға қойылған лоттар арасында 2009 жылғы әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатқан жеңіс алқасыда орын алған
Жүзуден 2008 жылғы Бейжіңде өткен Олимпиада чемпионы италиялық Федерика Пеллегрини коронавирустық пандемияға қарсы күреске қаражат жинау мақсатында спорттағы қол жеткізген 59 лотты аукционда сатылымға шығарды.
Сатылымға қойылған лоттар арасында Бейжің Олимпиада чемпиондық медальімен 2009 жылғы әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатқан жеңіс алқасыда орын алған. «Corriere Dello Sport» басылымының хабарлауынша 31 жасар спортшы аукционнан түскен барлық қаржыны «Бергамо» клиникасындағы науқастардың емі үшін аударуын мәлімдеген. Аукцион 14 сәуір күні өтеді.
Соңғы дерекке сай қазіргі уақытта Италияда коронавирус жұқтырған науқастар саны 156 мыңнан асқан.