Бейжіңдегі Олимпиада қалашықтары ресми түрде ашылды
XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының олимпиадалық ауылдары бейсенбі күні ресми түрде ашылды.Екеуі Бейжіңде және біреуі Чжанцзякоуда орналасқан.
Олимпиада қалашықтары Бейжіңдегі қысқы ойындардың ашылу салтанатынан сегіз күн бұрын спортшыларға ресми түрде есігін ашты. Өйткені 27 қаңтардан бастап әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар, журналистер мен ресми делегациялардың негізгі бөлігі Бейжіңге келе бастады.
Жарыстар бойынша Бейжіңде хоккей, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, керлинг сайыстары өтсе, Чжанцзякоуда биатлон, шаңғы жарысы, сноуборд, шаңғымен секіру және Яньцинде тау шаңғысы, бобслей, скелетонана сайыстар өтеді.
Бейжің олимпиадалық қалашығы тұрғын үйге, жаттығуға және демалысқа арналған үш функционалды аймақтан тұрады. Аумағында дүкен, кафе және банкоматтар бар. Ауылдың негізін 20 ғимарат құрайды және онда 2,2 мыңнан астам бөлме дайындалған.