Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бейжіңде коронавирусқа байланысты метро станцияларының 10 пайызы жабылды
09:47 / 2022-05-05

Бейжіңде, сәрсенбіде, 4 мамырда, қала орталығындағы қырыққа жуық метро станциясы жұмысын тоқтатты. Бұл жалпы станциялар санының шамамен 10 пайызын құрайды.

AP порталының хабарлауынша, бұл шешім коронавирустың таралуын болдырмау үшін қабылданған.

Қалада мейрамханалар мен барларға тек алып кетуге рұқсат етілді, ал мектептер 29 сәуірден бастап жабылған. Бұл шектеулердің қай уақытқа дейін ұзартылғаны туралы ештеңе жарияланбаған. 

Қаланың коронавирус инфекциясы анықталған аудандарында тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынвп, мұндай аумақтардың 12-сі жоғары қауіпті аймақтар, тағы 35-і орташа қауіпті аймақтар санатына қосылған. Шанхайда мұндай қатаң локдауын әлі енгізілген жоқ. Азаматтар аптасына үш рет COVID-19 тестінен өтуі керек және 48 сағат ішінде теріс сынақ нәтижесі бар жандарға көпшілік орындарға баруға мүмкіндік берілген.