Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бейжің қаласында Өзбекстан мен Вьетнам Президенттері кездесті
21:03 / 2023-10-17

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 қазанда Қытайға жасаған жұмыс сапары аясында Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгпен кездесті.

Ең алдымен екі ел арасында сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, Вьетнам Өзбекстанның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды дәстүрлі серіктесі болып табылады. Кейінгі жылдары әртүрлі деңгейдегі диалогтар жанданып, өзара сауда көлемі мен бірлескен кәсіпорындардың саны артып келеді. Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы салаларында жобалар жүзеге асырылуда.

Біздің жетекші компаниялар үшін мұнай-газ кешені, машина жасау, электротехника, химия, тоқыма, аяқ киім, жиһаз, азық-түлік және басқа да салаларда, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды парктерде ынтымақтастық орнатуға мүмкіндіктер бар екені айтылды.

Сондай-ақ Өзбекстан мен Вьетнам басшылары мәдениет, білім және туризм салаларындағы алмасуларды дамытудың маңыздылығын атап өтті.