18 қазанда Грекияның Пелопоннес түбегіндегі ежелгі Олимпиадада Бейжің 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі өтеді.
Салтанатты шараны пандемияға байланысты көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылданған.
Алау жағу рәсіміне Грекия президенті Катерина Сакелларопулу мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қатысады.
Дәстүрге сай алау ежелгі Гера ғибадатханасында күн сәулесінен параболалық айна көмегімен жағылып, содан кейін ол Афинаның Акрополисіне жеткізіледі және онда ол түні бойы қалады.
19 қазанда алау «Панатинаикос» стадионында Қытай делегациясына табысталады. Осыдан соң алау Қытайға арнайы рейспен жеткізіліп, алау эстафетасы Олимпиаданың ашылатын күніне яғни 4 ақпанға дейін созылады.
Грекия Ұлттық Олимпиада комитеті пандемияға байланысты дәстүрлі брифинг өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Бұл жағдай 2020 жылғы Токио Олимпиадасы алауын жағу рәсімінде де жабық жағдайында өткен болатын.