2022 жылғы Бейжің Олимпиадасының басталуына 100 күн қалғанда ұйымдастыру комитеті Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын медальдар топтамасын таныстырды.
Медальдың алдыңғы жағында Олимпиадалық бес сақина бейнесі мен айналасына ағылшын тілінде ойындардың толық атауы жазылған. Артқы жағында XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының символы түсірілген болып, ол қытай тілінде басылған. Сондай-ақ мұнда бірнеше сақинадан тұратын 24 нүкте бар. Бұл нүктелер «шексіз жұлдызды аспанды» мен «адам мен табиғаттың үйлесімділігін» және Олимпиаданың реттік нөмірін білдіреді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, медальдарға арналған қорап бамбуктан жасалған, бұл Қытай мәдениетінің бірегейлігін және Экологиялық ойындар идеясына сәйкестігін көрсетеді.
Еске сала кетсек, Бейжің Олимпиадасы 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтсе, Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз күндері өтеді. Пандемияға байланысты қысқы ойындар шетелдік жанкүйерлердің кіруі шектелген.