Бейжің Олимпиадасы: Мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада әлемдік рекорд жаңарды
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында америкалық мәнерлеп сырғанаушы Нэйтан Чен қысқа бағдарламада жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа бағдарламада 22 жастағы спортшы Нэйтан Чен 113,97 ұпай жинап, әлемдік рекордты жаңартты. Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма, үшінші орынды оның отандасы Шома Уно иеленді.
Бұған дейінгі рекорд жапондық Юдзуру Ханюге тиесілі еді. Ол 2020 жылы мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында ол 111,82 ұпай жинаған болатын.