French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бейжің Олимпиадасы: АҚШ қысқы ойындарға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады
11:49 / 2021-12-07

АҚШ 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық түрде бойкот жариялады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеуінше, бұл шешім АҚШ дипломаттары мен шенеуніктері Олимпиадаға бармайды, бірақ спортшылар жарысқа қатыса алады.

«Шыңжаңдағы қытайлық геноцидті және оның басқа да адам құқықтарын бұзуын ескере отырып, Байден әкімшілігі 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарына дипломаттар мен шенеуніктерді жібермейді», - деді Псаки брифингте.

Ақ үй өкілі Вашингтонның бұл шешім туралы одақтастарын хабардар еткенін, бірақ олар Бейжің Олимпиадасына қатысты шешімді өздері қабылдайтынын айтқан.

Бұл жағдайға Халықаралық Олимпиада комитеті АҚШ-тың спортшылардың Олимпиадаға қатысу мәселесін саясаттан тыс қалдыруын құптайтынын айтып, АҚШ-тың Бейжің Олимпиадасына делегация жібермеу туралы шешіміне түсініктеме берген комитет әрбір мемлекеттің саяси шешімін құрметтейтінін мәлімдеген.

Еске салар болсақ, Бейжің Олимпиадасы 2022 жыл 4-20 ақпан аралығында өтеді. Онда 109 медал сарапқа салынбақ.