Бейсбол: Солтүстік Американың жоғары лигасы ширек ғасырда алғаш рет локаут жариялады
Солтүстік Американың Бейсбол лигасы (MLB) 1994 жылдан бері бірінші рет локаут жариялады.
Bleacherreport басылымының дерегінше бұл жағдай, ойыншылар кәсіподағы мен MLB арасындағы жаңа ұжымдық келісім жасалмағандықтан орын алған.
Бұл Солтүстік Америка Бейсбол лигасының тарихта тоғызыншы рет жабылуы. Лига соңғы рет 1994 жылы ереуілге байланысты жабылған. Содан бір маусым аяқталмай, келесі маусымы кейінге қалдырылған болатын.
Келесі MLB маусымы 2022 жылдың наурыз айының аяғында - сәуірдің басында басталуы керек. Ресми түрде осы уақытқа дейін жаңа ұжымдық шартқа қол қойылып, ойыншылар оқу-жаттығу жиындарынан өтеді. Сондықтан MLB мен MLBPA арасындағы келісімге одан да ертерек - ақпан айына дейін қол қою керек болады.