Бейруттағы жарылыс салдарынан келген шығын мөлшері 5 млрд долларды құрады
Бейрут губернаторы Марван Аббуд кешегі жойқын жарылыстың шығын мөлшері 3 – 5 млрд доллар немесе оданда көп болуы мүмкін, деген
Ливан астанасы Бейрут қаласында сейсенбі күні порт қоймасында болған жарылыстың шығын мөлшері 3 – 5 млрд долларды құрағаны айтылады.
Бейрут губернаторы Марван Аббуд кешегі жойқын жарылыстың шығын мөлшері 3 – 5 млрд доллар немесе оданда көп болуы мүмкін, деген. Оның айтуынша жарылыс болған жерде жұмыс атқарған он құтқарушы қаза тауып, жүздеген адам баспанасыз қалған.
4 тамызда Бейрут қаласындағы порттың базасындағы болған жарылыс салдарынан 100-ден астам адам қаза тауып 4000-нан астам адам жарақат алды. Елдің денсаулық сақтау министрі Хасан Хамадтың мәлімдеуінше ауруханаларда орын жетіспегендіктен, көптеген адамдар медициналық көмекке қол жеткізе алмай тұр. Апат нәтижесінде қаладағы төрт аурухана жарамсыз хәлге келгендіктен, жағдай шиелене түскендігін айтқан.
Үкіметтің мәлімдемесінде қаланың порт аймағында сақталған 2750 тонна аммиак селитрасы (аммиак селитрасы) жарылысқа себеп болған. Бұл заттар біраз уақыттан бері қауіпсіздік шараларынсыз сақталғаны айтылған.