Бейрутта наразылық білдірушілер төрт министрлік ғимаратын басып алды
Ливан астанасы Бейрут қаласында наразылыққа шыққан жұрт төрт министрлік пен банк ғимаратын басып алды
Ливан астанасы Бейрут қаласында наразылыққа шыққан жұрт төрт министрлік пен банк ғимаратын басып алды.
Митингке шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыста жарақат алғандар саны 490 адамға жетті, деп хабарлайды Ливанның «Аль-Манар» телеарнасы жедел медициналық қызмет пен исламдық қоғамды құтқару жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Онда, «Бейрут орталығында қауіпсіздік күштері мен наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыс кезінде 490 адам жарақат алды», - деп хабарланған.
Сенбі күні Бейрутта мыңдаған адам үкіметтің отставкаға кетуін және реформаларды талап етіп митингке шықты. Көп ұзамай ол жаппай қақтығыстарға ұласып кетті. Шерушілер төрт министрлік пен банк қауымдастығының ғимараттарын басып алған. Қақтығыстар кезінде наразылық білдіруші топ полицияға түрлі заттар лақтырған, ал полиция көзден жас ағызатын гранаталарды қолдануға тура келген. Ішкі істер министрлігі бір тәртіп сақшысының қайтыс болғанын хабарлады.