English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы екі журналистке берілді
17:12 / 2021-10-08

2021 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы екі журналистке нәсіп етті.

Нобель комитетінің Осло қаласында қабылдаған шешіміне сай, Ресейдің «Новая Газета» бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік зерттеуші журналист Мария Рессаға «демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт болып табылатын өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға» қосқан үлесі үшін берілді.

2020 жылы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы «аштықпен күресудегі күш-жігері мен жанжалды аймақтардағы қақтығыстардан зардап шеккен аудандарда тұрмыстық жағдайды жақсартуға және соғыс пен қақтығыстарда аштықты қару ретінде пайдаланбаудың қозғаушы күші ретінде қосқан үлесі үшін» үшін БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына берілген болатын.