French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Беташар» ЮНЕСКО тізіміне енді
17:37 / 2024-12-05

Қазақ халқының келін түсіргенде жасалатын салт-дәстүрі «Беташар» ЮНЕСКО тізіміне енді.

KAZINFORM мәліметінше, бұл туралы Қазақстан президентінің мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында жазған.

– Парагвай астанасында «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.

-Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп жазған Қарин.

Осыған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтқан болатын.