Ташкент қаласында «Бес бастама» олимпиадасының 2024 жылғы маусымының ашылу салтанаты өтті.
Бір мезетте республиканың 14 облысы мен 208 ауданы (қаласы) онлайн режиміне қосылған шара аясында олимпиада басталды.


Жастар ісі агенттігінің директоры Алишер Садуллаев «Бес бастама» олимпиадасы жастардың талантын танытуда үлкен алаң ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
– Жаңа Өзбекстанды сіздер, жастар салып жатырсыздар. Жаңа Өзбекстан сіз сияқты бастамашыл жастардың қолында, – деді Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков.


Биылғы жылы «Бес бастама олимпиадасы» аудан жастары арасында (26 жоба) наурыз-желтоқсан айларында, мектеп оқушылары арасында (8 жоба) қыркүйек-қараша айларында, кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында (5 жоба) қыркүйек-желтоқсан айларында, жоғары оқу орындарының студенттері арасында (5 жоба) қыркүйек-қараша айларында және қараша-желтоқсан айларында министрліктер, ведомстволар және ұйымдардың қызметкерлері арасында алғаш рет (6 жоба) өткізіледі.
Іс-шараның көркем бөлімі қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Гулноза Бобоева, ӨзА