Берлинде Өзбекстан көрмесі аяқталды
2023 жылдың 4 мамырынан бастап Берлинде ұйымдастырылған «Өзбекстанның археологиялық қазыналары. Ескендір Зұлқарнайыннан Кушан патшалығына дейін» атты көрме өз мәресіне жетті.
Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың екінші жартысында македониялық Александрдың билік құрған кезінен бастап Кушан патшалығының соңына дейінгі археологиялық олжалар Еуропа жұртшылығының назарына ұсынылды.
Көрме екі жерде – Джеймс Саймон галереясында және Берлиндегі Жаңа мұражайда көрсетілді. Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қорының мәліметінше, көрмені 580 мыңнан астам өнер сүйер қауым тамашалаған.