Берлин әуежайында өрт шықты
Өрттің неден келіп шыққаны қазірге белгісіз
Берлиннің солтүстігінде орналасқан Тегель әуежайы қоймасынада үлкен өрт шықты, деп хабарлайды қалалық өрт сөндіру қызметі.
Өрт жекенбі күні түстен кейін қаланың солтүстігіндегі Флорштрасстағы қоймада шыққан болып, оның неден келіп шыққаны қазірге белгісіз, дейді мамандар. Ал, өрттің жалыны күшейе келе ондағы бірнеше қоймаларғада өткен. Қазірде 110 жуық өрт сөндірушілер жалынды сөндіруге жұмылдырылған. Қала тұрғындарына өрттен шыққан түтіннен сақтандыру мақсатында есік терезелерді жабу сұралып, ескерту жасалған.