Берлин карнавалының өту мерзімі екінші рет кешіктіріліді
Тарихта 1996 жылдан бастап жыл сайын өткізу дәстүрге айналған Берлин мәдениеттер карнавалы коронавирустық пандемияға байланысты екінші рет тоқтатылды.
Әдетте жүз мыңдаған адамның басын қосып қуанышты өтетін Берлин мәдениеттер карнавалы қатарынан екінші рет өту мерзімі кешіктірілген.
«Фридрихсхайн-Кройцберг ауданының әкімшілігі бірауыздан 2021 жылдың көктемі мен жазында коронавирустық пандемияға байланысты ауданның көшелеріндегі және саябақтарындағы қоғамдық орындарда ешқандай ірі іс-шаралар мен мерекелер өткізбеуге шешім қабылдады», - делінген қалалық порталда жарияланған хабарда.
Сонымен қатар, коронавирусқа байланысты MyFest фестивалі мен ЛГБТ қоғамдастық фестивалі де, биыл өтпейтін болған.
1996 жылдан бастап жыл сайын өткізу дәстүрге айналған Берлин мәдениеттер карнавалы өткен жылы да, коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған еді.