«Бенфика» клубы 38-ші рет Португалия чемпионы атанды
Лиссабонның «Бенфика» клубы кейнгі 4 жылда алғаш рет Португалия чемпионы атанды. Ал тарихта 38-ші рет жеңіс тұғырынан көрінді.
Маусымның соңғы турында Роджер Шмидт шәкірттері «Санта-Клара» клубын ірі есеппен (3:0) ұтып, 87 ұпаймен чемпион атанды.
Одан кейінгі орындарды: «Порту» (85) екінші, «Брага» (76) үшінші, «Спортинг» (74) төртінші орынға жайғасқан.
Айта кетейік, «Бенфика» өз тарихында 38 рет ел чемпионы атанды, бұл Португалия чемпионатында бірегей рекорд. «Порту» 30 рет, «Спортинг» 19 рет жеңіске жеткен.