Бельгияда швед жанкүйерлерін өлтірді деген күдікті ұсталды
Брюссель полициясы екі шведті өлтірген лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдіктіні ұстады.
RTBF телеарнаның хабарлауынша, бұл жағдай қылмыскер өзі тұратын Шарбек коммунасында болған.
Оның ұсталғанын Бельгия Ішкі істер министрлігінің басшысы Аннелис Верлинден растады.
Күдікті оқ жарақатын алып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, делінген хабарламада.