Бельгияда омикрон штамының жаңа нұсқасын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
Бельгияда BA.4 деп аталатын коронавирустың омикрон штаммының жаңа нұсқасымен науқастанған алғашқы жағдайы тіркелді.
Le Vif журналының дерегінше, бұл туралы Левен католиктік университетінің вирусологтары Марк Ван Ранст пен Пет Масс хабарлаған.
«Вирустар мутацияларды жинақтайды, олар мұны әрқашан жасайды. Жаңа нұсқалар әлі де пайда болады», - деген Ван Ранст.
Вирусолог «омикронның» жаңа нұсқаларының пайда болуы жаңа штаммның пайда болуынан әлдеқайда жақсы екенін айтқан.