Бельгияда коронавирустың жаңа толқыны басталғаны хабарланды
Бельгияның Sciensano қоғамдық денсаулық сақтау институты елде коронавирустық пандемияның жаңа толқыны басталғанын растады.
Вирусолог Стивен ван Гухттың айтуынша, инфекция толқыны өткен аптада басталған.
Өткен апта ішінде күнделікті COVID-19 ауруы статистика бойынша 29 пайызға өсіп, 2 823-ке жеткен. Сарапшылардың болжамынша, ауру саны қазан айының ортасында шарықтау шегіне шығады.
Францияда сарапшылар коронавирусты жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты бетперде тағу режимін қайта талқылай бастады. Бұл туралы санитарлық қауіп-қатер мониторингі комитетінің төрағасы, иммунолог Бригит Отран хабарлаған.