Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бельгияда энергияны үнемдеу мақсатында түнгі шамдарды сөндіре бастады
09:26 / 2022-09-21

Бельгияның Валлон аймағының билігі Еуропадағы энергетикалық дағдарыс жағдайында электр энергиясын тұтынуды азайту үшін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден кейін тас жолдардағы шамдарды өшіре бастады.

Spiegel басылымының хабарлауынша, алғашқы түнгі шамдарды сөндіру Валлон аймағының Люттих-Левен бөлігінде болды. Билік осылайша жылына 400 мың еуроға дейін қаржы үнемдеуді болжап отыр. Мұндай шаралар елдің басқа да тас жолдарында да қолға алынып, нәтижесінде 22:00-ден таңғы 5:00-ге дейін жолдардағы жарық шамдар сөндірулі болады.

Электр энергиясын үнемдеу шаралары қазірше үш айға есептелген және болашақта ұзартылуы мүмкін.