Бельгияда бір аптада маймыл шешегінің 56 жаңа жағдайы анықталған
Соңғы аптада Бельгияда маймыл шешегінің 56 жаңа жағдайы анықталған болып, осы уақытқа дейін жалпы елде инфекцияның 224 жағдайы тіркелген.
Sciensano денсаулық институтының дерегінше, Бельгияда қазіргі уақытта белгілі вирус тасымалдаушылардың барлығы 20 мен 65 жас аралығындағы ер адамдар. Аурулардың негізгі бөлігі Фландрияда тіркелді, науқастардың барлығында дерлік бөртпе, қызба, лимфа түйіндерінің қабынуы бар.
Вирусолог Марк ван Рансттың айтуынша, апта ішінде аурулардың күрт өсуі профилактикалық шара ретінде қазіргі уақытта қолда бар вакциналармен корольдік халқының ең осал топтарын вакцинациялау қажеттілігін көрсетеді.
Еске сала кетсек, бұл дерт Еуропада үстіміздегі жылдың мамыр айында тарай бастаған еді.