Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бельгия премьер-министрі отставкаға кетті
16:09 / 2024-06-10

Парламент сайлауында жеңілген Бельгияның премьер-министрі Александр де Кроо (Open Vld партиясы) отставкаға кететінін мәлімдеді.

Le Soir газетінің хабарлауынша, мінберде сөйлеп біраз әсерге бөлеген саясаткер парламент сайлауының нәтижесіне көзіне жас алып пікір білдірген.

«Бүгінгі кеш қиын болды, біз жеңіліп қалдық. Ертең мен премьер-министрліктен кетемін. Дегенмен, либералдар күшті, біз қайтамыз», - деген ол.

Де Кроо дүркіреген ду қол шапалақ пен көпшіліктің қолдауында мінберден түсіп, залдан шығып кетті.

Ұлттық сайлауда Александр де Крооның ашық фламандтық либералдар мен демократтар партиясы небәрі 5,6 пайыз дауыс жинады. N-VA (жаңа фламандтық альянс) — 17,4 пайыз, VLAAMS BELANG (фламандтық қызығушылық) — 14,4 пайыз дауыс жинады.