Қыркүйек айында өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Бельгия Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын жариялайды.
Бұл туралы Бельгияның сыртқы істер министрі Максим Прево хабарлады.
Министр әлеуметтік желідегі парақшасында мынадай мазмұнда мәлімдеме жасады:
«Бельгия БҰҰ сессиясында Палестинаны мойындайды! Израильге қатаң санкциялар енгізіледі. Сонымен бірге, HAMAS жақтастары тарапынан антисемитизмге немесе терроризмді мадақтауға жол берілмейді және бұл әрекеттер қатаң айыпталады. Бельгия Палестинаны Франция және Сауд Арабиясы бастамасы аясында мойындайды!»
Бұған дейін Франция Президенті Эммануэль Макрон 24 шілде күні БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті отырысында Францияда Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеген еді. Ол бұл туралы Палестина әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббасқа арнайы хат жолдағанын атап өткен.
Еске салсақ, өткен жылы АҚШ Палестинаның БҰҰ-ға толыққанды мүше ретінде қабылдануына вето қойған болатын. Содан бері Палестинаны Ирландия, Норвегия, Испания және Армения сынды он мемлекет ресми түрде мойындады.