Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бельгия маймыл шешегімен ауыратындарға карантин енгізген алғашқы ел болды
10:52 / 2022-05-23

Бельгия әлемдегі маймыл шешегімен ауыратындар үшін міндетті үш апталық карантин енгізген бірінші ел болды.

The Brussels Times басылымының хабарлауынша, қазірдің өзінде елде бұл инфекцияны жұқтырудың төрт жағдайы расталды.

ВВС дерегінше, маймыл шешек ауруы Еуропаның он елінде - Ұлыбритания, Испания, Португалия, Германия, Бельгия, Франция, Нидерланды, Италия, Швеция және Швейцарияда, сондай-ақ АҚШ, Канада, Австралия және Израильде тіркелген.

Белгілі болғандай, аурудың алғашқы белгілері арасында дене қызуы көтеріледі, бас ауруы, бұлшықет ауруы, бел ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі және шаршау байқалады. Кейбір жағдайларда бөртпе пайда болуы (көбінесе бетінде), содан кейін дененің қалған бөлігіне таралады. Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін болуы мүмкін.