Бельгия Гран-приі Формула-1 тарихындағы ең қысқа жарыс болды
Спа қаласында өткен Бельгия Гран-приі әлем чемпионаты тарихындағы ең қысқа жарыс ретінде рекорд орнатты.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты белгіленген уақыттан 3,5 сағатқа кешігіп басталған жарыс үш айналымнан кейін тоқтатылды. Нөсер жаңбыр мен көрініс нашарлап Формула-1 қатысушыларының нәтижесі 1 айналым қорытындысына орай шыққан.
Бельгия Гран -приінің қорытынды кестесі бойынша 1 орын «Ред Булл» командасының пилоты Макс Ферстаппенге нәсіп еткен (1 айнала). Кейінгі орынды Джордж Рассел («Уильямс» +1,995), және Льюис Хэмилтон («Мерседес» +2,601) иеленген.
Бұған дейін Формула-1 тарихындағы ең қысқа жарыс 1991 жылы Аделаида қаласында өткен Австралия Гран-приінде болған. Сол кезде нөсер жаңбыр астында өткен жарыс 16-айналымнан кейін тоқтатылып, 14 айнала нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталған еді.