Бельгия 4 күндік жұмыс аптасына көшу мақұлданды
Бельгияда үкімет еңбек реформасы туралы келісімді мақұлдады. Қызметкерлер 4 күндік жұмыс аптасын таңдай алады.
Le Soir порталының хабарлауынша, жоба жұмыс кестесі, біліктілікті арттыру, жұмыс орнын ауыстыру, сонымен қатар цифрлық экономика мәселелері сияқты салаларды қамтиды.
Реформа қызметкерлерге 4 күндік жұмыс аптасын алып, үш күн демалыспен көбірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте аптадағы жұмыс уақытының жалпы саны 5 күндік және 4 күндік кестелер үшін бірдей болуы керек.
Сонымен қатар, елде жұмыс аптасын ұзарту және қысқарту мүмкіндігін заңмен бекіту жоспарлануда.
Премьер-министр Александр де Кроның айтуынша, реформа заңнаманы заманауи шындыққа және соңғы өзгерістерге, соның ішінде коронавирустық пандемия нәтижесінде болған өзгерістерге бейімдеу керек.