Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Беларустегі сайлауда экзит-пол нәтижесі Лукашенконың сайланғанын көрсетті
00:54 / 2020-08-10

«Радио Свобода» таратқан хабарда, шетелдегі 18 сайлау учаскесінде Лукашенко шамамен 10 пайыз дауыс алған, ал Тихановская 71 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеген


Беларуссиядағы президенттік сайлаудағы дауыс беру ресми түрде аяқталды. Экзит-пол нәтижесіне орай елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко 79,7 пайызды көрсеткен.

Ал оппозициялық топтар өкілі болған Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс жинаса, Анна Канопацкая - 2,3 пайыз, Андрей Дмитриев - 1,1 пайыз, Сергей Черечень - 0,9 пайыз дауыс жинаған.

«Радио Свобода» таратқан хабарда, шетелдегі 18 сайлау учаскесінде Лукашенко шамамен 10 пайыз дауыс алған, ал Тихановская 71 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеген. Бірақ экзит-полды кімдер өткізгені және қай елдегі сайлау учаскелері екені белгісіз.