Беларусь елінде келесі президент сайлауы 2025 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей өтеді.
Белта агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Игорь Карпенко мәлімдеген.
«2022 жылғы 27 ақпанда өткен республикалық референдумда қабылданған конституциялық нормаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, саяси жүйені ауқымды жаңғырту жүргізілуде. Бұл жұмыстың соңғы кезеңі - депутаттық корпусты құру. Бірыңғай дауыс беру күні, Бүкіл Беларусь халық ассамблеясына делегаттарды сайлау және Беларусь Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болмақ, ол 2025 жылдың 20 шілдесінен кешіктірілмей өтуә керек», - деді Карпенко,.
ОСК басшысы сондай-ақ парламенттің төменгі палатасы мен депутаттардың жергілікті кеңестеріне сайлау 2024 жылдың 25 ақпанында өтетінін еске салған. Біріңғай дауыс беру күні парламенттің төменгі палатасының 110 депутаты және жергілікті депутаттар кеңесінің 12 514 депутаты сайланады.
«Сайлауды өткізу үшін 1394 округтік және аумақтық сайлау комиссиялары, 5,5 мыңға жуық учаскелік комиссиялар құрылады», - деген Карпенко.