Беларуссияда сайлау күні Интернетті бұғаттаулар туындауда
Қазіргі уақытта Беларуссиядағы сайлауға дауыс берудің 73 пайыздан асқаны мәлім болды
9 тамыз - Беларуссиядағы президент сайлауының қарсаңында ел халқы Интернетпен байланысты түрлі қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Интерфакс.
Жексенбі күні таңертеңнен бастап Интернет қолданушылары бірқатар ресурстардың, соның ішінде «Telegram» мен «YouTube» қосымшаларына кіруді қиындатқаны туралы хабарлап жатыр. Бұдан бөлек бірқатар сайттар, оның ішінде сайлауды тәуелсіз бақылау үшін белсенділер құрған «Zubr.in» сайтына кіруге түрлі қиындықтар тудырған.
Тіпті беларустар арасында ең танымал VPN-қызметтерде де үзілісті жағдайлар туындап жұмыс үстелі компьютерлерінен де, телефон арқылы да қосылуда проблемалар пайда болған. Кейбір сауда орталықтарында техникалық ақауларға байланысты терминалдар жұмыс істемей қалған.
Осы жағдайлардан кейін, елдегі ең ірі интернет-оператор «Белтелком» өз мәлімдемесінде «сыртқы арналарда проблеманың салдары, жүктеме көлемі үлкендігімен» байланыстырған. Компания бұл мәселенің қашан шешілетінін нақтылай алмаған, соған орай қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Қазіргі уақытта Беларуссиядағы сайлауға дауыс берудің 73 пайыздан асқаны мәлім болды.