Беларусь президенті 9 мамырдағы жеңіс парады өтетінін мәлімдеді
Бұған дейін Ресей биыл өтетін Жеңіс парадын пандемияға байланысты кейінге қалдырған болатын
Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі 9 мамыр Жеңіс күнінің шеруі коронавирустық пандемияға қарамай өтетінін мәлімдеді. Ол сонымен қатар ресейлік депутаттар мен сенаторлар шеруге келу ниетте екенін айтқан.
«Мен парадты өткізбеуге шешім қабылдай алмаймын. Бұл мүмкін емес. Мен бұл туралы ұзақ ойладым. Әрине, бұл эмоционалды, терең идеологиялық процесс. Дегенмен адамдардың не айтатынын ойланыңыз. «Мүмкін олар бүгін ештеңеде айтпайды, бірақ бір-екі күннен кейін біздің қорқақтығымыз жайында айтатын болады», - деген Лукашенконың басшылар кездесуінде айтқан сөзін келтіреді «коммерсант» басылымы.
Ол Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болғандарды еске алу туралы айтып, олардың да арасында вирустан қайтыс болуы мүмкін жандар бар екенін айтқан және мыңдаған белоруссиялықтар бұл шараны қолдайтындықтарын білдірген. Соынмен қатар парадқа мемлекеттік басшылар мен соғыс ардагерлері мәжбүрлі түрде келуі шарт емес екенінде айтып өткен.
Бұған дейін Ресей биыл өтетін Жеңіс парадын пандемияға байланысты кейінге қалдырған болатын. Ал Еуропадағы қалыпты өмір салты бұзылмай күнделікт тірлік жалғасып кележатқан елдің бірі Беларусьта коронавирустан жапа шеккен жандар қатары 16,7 мың кісіге жеткен. 100-ге жуық адам қайтыс болып, 3 мыңнан астам жан аурудан сауыққан.