Беларусь ғалымдары COVID-19 коронавирусына қарсы өз вакцинасын жасады. Бұл әдеттегі вакциналардан өзгеше екендігі айтылған.
Бұл туралы Александр Лукашенко журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде мәлімдеген. «Кеше біз беларуссиялық вакцинаның сынамасын алдық. Ол әдеттегі сатып алынғандарға қарағанда өзгеше. Дәрігерлер оны тірі вакцина деп атауда», - дейді Беларусь президенті.
Оның пікірінше қазірдің өзінде қолданыста бар вакциналар болашақта коронавирустың жаңа мутациясына қарсы тұруға кепілдік бермейтіні жөнінде айтып, Беларусь вакцинасы індеттің жаңа штамдарына бейімделетінінін мәлімдеген.
Лукашенко вакцина жасау туралы жарлыққа 1 сәуірде қол қойған еді. соған байланысты препарат 2023 жылы дайын болуы керек деген қорытынды жасалған. Денсаулық сақтау министрі Дмитрий Пиневичтің айтуынша, жылдың соңында пилоттық партияны, ал 2022 жылы алғашқы өндірістік партияны алу көзделген.