Беларусь 2021 жылғы хоккейден Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
Халықаралық хоккей федерациясы (IIFH) 2021 жылғы шайбалы хоккейден Әлем чемпионатын Беларусь Республикасында өткізу құқығының күшін жойды.
IIFH-ның мұндай шешім қабылдауына елдегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты орын алған. Ұйымның атқарушы комитетінің мүшелері қабылдаушы елдегі жағдайды ойыншылар, шенеуніктер, жанкүйерлер мен БАҚ қызметкерлері үшін қауіпті деп тапты. Сондықтан, ережеге сәйкес Минск қаласы (Беларусь астанасы) турнирді өткізу құқығынан айырылды.
IIHF саяси наразылық пен коронавирус қаупі аясында Беларуссиядағы қауіпсіздік жағдайын зерттеп, соның нәтижесінде федерация бұл қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес деген қорытындыға келген.
Хоккейден әлем чемпионаты 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвия мен Беларусьта өтеді деп жоспарланған болатын. Қазір IIHF чемпионатты тек Латвияда өткізу мүмкіндігін зерттеп жатыр.