Кәсіпқой бокстан супер орта салмақтағы (-76,2 келі) өзбекстандық Б. Меликузиев (7-0, 6 КО) допингке қарсы ережені бұзғаны үшін 4 жылға барлық жарыстардан дисквалификацияланды.
Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) Өзбекстан ұлттық допингке қарсы агенттігіне берген ресми мәлімдемесінде өзбекстандық боксшысы Бектемир Меликузиев төрт жылға бокстан шеттетілді.
Дерекке сай спортшы 2020 жылдың 16 ақпанынан бастап 2024 жылдың 15 ақпанына дейін барлық спорт жарыстарына (ұлттық және халықаралық чемпионаттар, түрлі ойындар және т.б.) қатысудан шеттетіліп, 2020 жыл 16 ақпанан бастап жарыстарда алған барлық медальдар мен рейтингтік ұпайлар жойылды. Бұл шектеу қазірше тек әуесқой бокс бойынша жарыстарға қойылған.
Бірақ боксшының кәсіпқой бокстағы жүрісін жалғастыру немесе тоқтатуына тиісті мәселе Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес, Халықаралық кәсіпқой бокс ұйымының шешіміне байланысты болмақ. Егер оған рұқсат берілсе, ол дисквалификация аяқталғанға дейін тек кәсіпқой бокста жекпе-жекке шыға алады.
Естеріңізге сала кетейік, Бектемірден алынған допинг-сынамада бастапқыда тыйым салынған «фуросемид» заты анықталды, ол 2018 жылдың 28 ақпанынан 2020 жылдың 27 ақпанына дейін 2 жылдық дисквалификациямен жазаланды. Кейін Бектемір допингке қарсы ережені екі рет бұзғаны айтылған. Нақтылай айтқанда спортшының белгілі уақытта допингтік бақылауды өтпегені үшін кесілген жаза мөлшері еселенген.