Байденнің келесі президенттік сайлауға қатысатыны ресми түрде расталды
АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылғы президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысады.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер хабарлап, «Бұл туралы президенттің өзі айтты. Ол 2024 жылғы президенттік сайлауға түсуге ниетті», - деген.
NBC News дерегінше, Байден сайлауға жасырын түрде дайындала бастаған. Оның командасы 2024 жылы өте тартысты болады деп күтілетін мәселелерді әзірлеу үшін аралық сайлауларды пайдалануды жоспарлап отыр.
Бүгінде 79 жастағы Джо Байден 2020 жылдың күзінде өткен сайлауда жеңіске жеткен еді. Ол АҚШ тарихындағы ең жасы үлкен президент болды.