Байден Украинаға 270 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін мақұлдады
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 270 миллион доллар көлемінде әскери көмектің тағы бір пакетін бөлуді мақұлдады.
Politico басылымының хабарлауынша, АҚШ Украинаға 580 Phoenix Ghost шабуылдау және барлауға арналған ұшқышсыз аппараттарын жібереді.
Пакет құрамына сонымен қатар төрт HIMARS көп реттік зымыран жүйесі (MLRS), 36 000 оқ және танкке қарсы қару жіберу орын алған.