Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Байден Трамптың АҚШ-қа шетелдіктердің кіруіне тыйым салу туралы бұйрығының күшін жойды
13:18 / 2021-02-25

АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбіде бұрынғы президент Дональд Трамптың кейбір санаттағы шетелдіктердің Құрама Штаттарға кіруіне тыйым салатын тағы бір жарлығының күшін жойды.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенті Джо Байден бұл жарлықты АҚШ мүддесін қорғамауымен байланыстырған және күшін жойып, «Бұл АҚШ экономикасына өрескел зиян келтіреді. Құрама Штат азаматтарының отбасы мүшелері мен заңды тұрғындардың отбасыларымен қайта қауышуына жол бермейді. Сонымен қатар жыл сайынғы лотерея аясында көші-қон визаларын алған адамдарға да өте қолайсыздық тудырады», - деген.

Еске салар болсақ, 2020 жыл сәуірінде бұрынғы президент Дональд Трамп COVID-19 пандемиясы кезінде американдық еңбек нарығына шетелдіктердің келуі қауіп төндіреді деп санап, олардың АҚШ-қа келуіне тыйым салатын құжатқа қол қойды. Кейіннен экс-президент бұл жарлықтың мерзімін екі рет ұзартқан болатын.