Байден отбасының 2022 жылғы табысы туралы ақпарат берді
АҚШ президенті Джо Байден мен бірінші ханым Джилл Байден бірлескен салық декларациясын жариялады.
Ақ үй жариялаған мәліметке сәйкес, олардың отбасының жылдық табысы 579,5 мың долларды құраған болып, оның 169 мың доллары 2022 жылы федералды салыққа төленген. Мұнда табыс салығы 23,8 пайыз.
Бұған қоса, президенттік ерлі-зайыптылардың Делавэр штатында отбасылық үйі бар екені және оған 29 мың доллардан астам салық төленгені айтылған. Джил Байден де Вирджинияда да 3100 доллар салық төлеген.
Сондай-ақ, АҚШ басшысы мен бірінші ханым 20 ұйым арқылы 20,2 мың долларға жуық, яғни табыстың 3,5 пайызын қайырымдылыққа жұмсаған.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Байдендер отбасының жылдық табысы 610 мың долларды құраған еді.