Байден мамырда Жапония мен Оңтүстік Кореяға барады
АҚШ президенті Джо Байден мамыр айының соңында Жапонияға мен Оңтүстік Кореяға барады.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәлімдеуінше, 20-24 мамыр аралығында Азияға сапарлайды.
«Президент Джозеф Байден үкіметтеріміз, экономикаларымыз бен халықтарымыз арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдету үшін 20-24 мамырда Корея Республикасы мен Жапонияға сапар шегеді», - деді Псаки мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, Байден осы елдерге сапары барысында Корея Республикасының жаңадан сайланған президенті Юн Сок Ел және Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен екіжақты кездесулер өткізеді.
Бұдан бөлек Токиода АҚШ президенті Австралия және Үндістан басшыларымен де кездеседі.