English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Байден АҚШ-ты ДДСҰ мен Париж келісіміне қайтарды
14:37 / 2021-01-21

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден қызметіне кірісе салысымен АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Климат жөніндегі Париж келісіміне қайтару туралы жарлықтарға қол қойды.

Ондағы құжатта айтылуынша, АҚШ-тың Климаттық келісімге оралуы шамамен бір айға созылатыны жазылған. Құжат алдымен БҰҰ-ға ұсынылады, содан 30 күннен кейін Америка Құрама Штаттары келісімнің бір бөлігіне айналады.

Бұрынғы президент Дональд Трамп 2017 жылы АҚШ келісімнен шығатынын мәлімдеп, бұл келісімді Америка Құрама Штаттары үшін пайдасыз деп тапқан еді.

Джо Байден сонымен қатар АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қайтару туралы жарлыққа қол қойды. Егер Байден мұны жасамаған жағдайда, Вашингтон атаулы ұйымнан 2021 жылдың 6 шілдесінде шығатын еді. 

Сонымен қатар, Байден президент болған алғашқы күннен-ақ басқа да бірқатар жарлықтарға қол қойды:

  • Мексикамен шекарадағы жағдайға байланысты енгізілген төтенше жағдайды жою;
  • Бірқатар мұсылман елдерінің азаматтарының Америка Құрама Штаттарына кіруіне тыйымның жойылуы;
  • Канадамен бірге «Keystone XL» мұнай құбырының құрылысын тоқтата тұру;

Еске салар болсақ 20 қаңтар күні Капитолиде Джо Байден АҚШ-тың 46 президенті ретінде ресми түрде ант беріп президенттік жұмысына кіріскен болатын. Осылайша ол АҚШ президенттері тарихындағы ең жасы үлкен мемлекет басшысына айналды