Байден 2024 жылғы сайлауға екі жағдайда қатысу шартын айтты
Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден ABC телеарнасына берген сұхбатында 2024 жылы тағы бір мерзімге сайлауға түсуге дайын екенін мәлімдеді.
Америкалық көшбасшының айтуынша, көп нәрсе оның денсаулық жағдайына байланысты: егер ол қазіргідей деңгейде болса, ол сайлауға қатысады.
Телеарна журналисі Байденге Дональд Трамптың президенттік сайлауға қатысуы жайлы сұрағына ол былай жауап берген: Неге мен Дональд Трамппен бәсекеге түспеймін? Бұл менің сайлауға қатысу мүмкіндігімді арттырады, - деген 79 жастағы президент.
АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден 78 жасында президенттікке келді және ел тарихындағы бұл лауазымды атқарған ең қарт адам атанды.