Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-17» кемесі сәтті ұшырылды
14:02 / 2020-10-14

«Союз МС-17» ғарыш кемесі дәл белгіленген уақытта ұшырылып, процесс штаттық режимде өткен


Қазақстан аумағындағы Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:45 кезінде «Союз МС-17» көліктік басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1 а» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстандық БАҚ-тың мәліметінше «Союз МС-17» ғарыш кемесі дәл белгіленген уақытта ұшырылып, процесс штаттық режимде өткен.

Тікелей репортаж жүргізушісінің айтуынша, зымыран тасығыш сатыларының жоспарлы бөлінуінен кейін ғарыш кемесі Жердің жасанды серігінің орбитасына шығарылған.

Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) құрамында «Союз МС-17» кемесінің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Рыжиков, №1 бортинженер, Роскосмос ғарышкері Сергей Кудь-Сверчков және №2 бортинженер, NASA астронавты Кэтлин Рубинс бар 64-ші ұзақмерзімді экспедицияға (МК-64) аттанды.