Бахтиёр Саидов Украина елшісімен кездесті
Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов елдегі дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Украина елшісі Николай Дорошенкомен кездесті.
Тараптар Өзбекстан мен Украина арасындағы тауар айналымының артып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
«Сыртқы істер министрі елшінің мемлекеттеріміз арасындағы қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметінде зор табыс тіледі», делінген хабарламада.