Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бахтиёр Саидов ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың Өзбекстандағы сайлауды бақылау миссиясының басшысымен кездесті
14:29 / 2024-10-22

Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Өзбекстандағы сайлауды бақылау миссиясының басшысы Дуглас Вэйкпен кездесті.

«ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның Өзбекстандағы сайлауды бақылау миссиясының басшысы Дуглас Вэйк мырзамен кездесу өткіздік», – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-каналында. 

СІМ басшасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссия басшысымен Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістер, өзара ынтымақтастық жөнінде пікір алмасқан.

«Миссияның елімізде сәтті және тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістер, халқымыз үшін лайықты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету жолындағы қадамдар, өзара ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмастық», делінген хабарламада.